2025 жылдың 6-қараша күні Терісаққан ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың батыр қызы» атты патриоттық сабақ өткізілді.Сабақ барысында кітапханашы Әлия Молдағұлованың балалық шағы, әскери жолы, майдандағы ерлігі мен ерлікпен қаза тапқаны туралы баяндама жасады. Оқырмандар мен оқушылар арасында сұрақ-жауап жүргізіліп, бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, «Батыр қыз-халық мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.Шара әсерлі өтті, қатысушылар батыр рухына тағзым етіп, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді
