12 қарашада М. Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай орта топ оқырмандарына Лозовое ауылдық модельдік кітапханасында "Батылдық пен даңқ жолы " атты әдеби эссе өтті. Іс-шара барысында кітапханашы М.Ғабдуллиннің өмір жолы, ғылыми және әдеби қызметі туралы айтып берді. Оның шығармаларынан үзінділер мен замандастарының естеліктері оқылды. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Мәлік Ғабдуллин туралы «Тағдыр жолы» атты бейнеролик тудырды. Онда батырдың өмірі мен ерлігіне қатысты сирек фотосуреттер мен құжаттық материалдар ұсынылды. Іс-шараға "Мәлік Ғабдуллин: тарихтағы із" көрмесі ұйымдастырылып, ұсынылған кітаптарға шолу жасалды. "Домисолька" триосы "Отан"әнін орындады. Іс-шара ауылдық клубпен бірлесіп өткізілді. 16 адам қатысты.
