"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

18 мамыр күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Новокиенка орта мектебінде орта буын оқырмандарына Бәкір Тәжібаевтің 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты шығармаларымен таныстыру шарасын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмір жолы, шығармашылық ізденістері және қазақ поэзиясы мен драматургиясының дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Оқушылар жазушының қазақ әдебиетінің байлығы мен халықтың рухани құндылықтарын танытатын шығармаларымен танысты.
Шараны ерекше әсерлі өтуіне Бәкір Тәжібаевтің өлеңдерін оқу ықпал етіп, қатысушылар ақын шығармашылығының көркемдігі мен мәнерлілігін терең сезіне алды.
Іс-шара ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, оқырмандардың қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.

Мемлекеттік бағдарламалар