Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Жақсы №2 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жыл толуына орай «Аты аңызға айналған батыр» атты еске алу кешін өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, Ұлы Отан соғысындағы ерлігімен және әдеби мұрасымен танысты. Кеш барысында батырдың өмірі мен ерлігі туралы қысқаша деректі фильм көрсетілді. Патриоттық кештің мақсаты — жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру.
https://www.facebook.com/share/1DfiYKGQuc/?mibextid=wwXIfr