13.01.2026 жылы Беловод ауылдық кітапханасында орта топ оқырмандарымен Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай "Алаш рухын көтерген ғұлама" атты ақпараттық құжаттама өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар қазақ ғалымы, академик, жазушы және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен қызметімен танысты.
Оның ғылыми мұрасы бүгінде Қазақстан ғылымының тарихында маңызды кезең болып табылады, ал өмірі мен тағдыры - Отанға аянбай қызмет етудің үлгісі.
