30 наурызда Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары жасөспірімдерге арналған «Алаш арысы» атты тарихи сағат өткізді.
Іс-шара Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналды. Кездесу барысында қатысушылар оның өмірі мен қызметі, ел дамуына қосқан үлесі және «Алаш» қозғалысы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар оның өмірі мен мұрасына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Бұл шара жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға ықпал етті.