15 сәуірде Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кең ауқымы үшін композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Ахмет Жұбановтың мәңгілік әуені» тақырыбына портрет сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәлімет берілді. Оның қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлесі, ұлттық оркестрді ұйымдастырудағы еңбегі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Жұбановтың танымал шығармалары таныстырылып, олардың шығу тарихы жөнінде қызықты деректер айтылды.
