"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2026 жылдың 24 ақпанында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Ақын жүрегі – халық үні» атты әдеби-сазды қойылым өткізді.
Шара барысында ақынның балалық шағы, ақын ретінде қалыптасуы, айтыстарға қатысуы, ел тануынан сыр шертетін күй фонында өмірбаяндық сыры ұсынылды.
Мәдениет үйінде  жұмыс істейтін «Жас өркен» балалар студиясының қатысушылары да Жамбыл Жабаевтың әйгілі «Ленинградтық  өренім!»  өлеңінен үзінді оқыды. Бұл қойылым оқиғаны әсерлі әрі есте қаларлықтай етті.
Жиналғандар ақынның өлеңдер топтамалары, өмірі туралы материалдар, иллюстрациялар мен фотосуреттер, әдебиеттерге шолу жасалған кітап көрмесімен танысты.

Мемлекеттік бағдарламалар