Новокиенка орта мектебінде Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы кіші жастағы оқырмандар үшін «Адамның іс-әрекеті неге байланысты?» атты тренинг өткізді. Шара барысында балалар түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылап, адамның мінез-құлқы мен әрекеттеріне не әсер ететінін — тәрбие, орта, эмоциялар мен құндылықтар арқылы түсінуге тырысты. Олар суреттерге қарап, дұрыс пен бұрысты ажыратуды, өз іс-әрекетіне баға беруді және жақсылық жасауға ұмтылу керектігін үйренді. Тренинг балалардың ойлау қабілетін дамытуға, жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етті.
