5 ақпан күні Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары жастар тобына арналған, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Адалдықтың алып жыршысы» атты әдеби-поэзиялық кеш өткізді.
Кеш барысында қатысушылар ақынның өмірі мен әдеби мұрасымен танысып, оның өлеңдерін белсенді түрде оқып, шығармаларында көрініс тапқан адалдық, әділдік, Отанға және халыққа деген сүйіспеншілік тақырыптарын талқылады.
Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге тақырыптық шолу жасалды. Әдеби-поэзиялық кеш жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтуға ықпал етті.