Киров ауылдық кітапханасында көрнекті мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы және Қазақ хандығының дана билеушісі Абылай ханның 315 жылдығына арналған "Хан Абылай халық жадында" атты инфотайм өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Абылай ханның тарихи рөлімен, оның қазақ мемлекеттілігін нығайтуға қосқан үлесімен танысты. "Абылай хан-Ұлы дала тұлғасы"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Инфотайм қазақ халқының тарихын, ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті, сондай-ақ оқырмандардың туған өлкенің тарихын зерттеуге деген қызығушылығын оятты.
