2026 жылдың 20 қаңтарында Ешім ауылдық кітапханасы Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Абайтанудың атасы» атты мини-саяхат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар ғалымның өмірбаянымен, абайтану ғылымына қосқан үлесімен және Абайдың әдеби мұрасын сақтаудағы еңбегімен танысты. Іс-шара танымдық бағытта өтіп, оқырмандардың ұлттық әдебиет пен тарихқа деген қызығушылығын арттырды.
