Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Лозовое ауылдық клубының фойесінде Лозовое ауылдық модельдік кітапханасы «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды. 5 тамыз бен 8 тамыз аралығында кең оқырмандар қауымына арналған «Абай – ұлылылықтың айғағы» атты ашық оқырман оқу алаңы жұмыс істеп тұр. Бұл күндері Абай шығармалары оқылады. Кез келген адам ұлы ақынның шығармашылығына жақынданып, оның кез келген туындысын оқып, өз әсерімен бөлісе алады. Көрме аясында кіші және орта жастағы оқырмандар үшін «Менің сөздерімнің сұлулығы-лайықты ақыл үшін» атты әдеби вернисаж өтті. Балалар ақынның өмірбаянынан қызықты деректер біліп, оның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқыды.