"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуын мерекелеу аясында оқырмандардың орта тобы үшін «Абай жолы - дана жол» атты әдеби қонақ бөлмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы көрнекті ақын, философ, ағартушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен көпқырлы қызметі туралы әңгімелеп берді.

Іс - шара барысында терең мағынаға, философиялық ойларға және адамгершілік нұсқауларға толы әйгілі «Қара сөздерден» үзінділер мен өлеңдер оқылды.

 «Абай туралы не білемін?» атты викторинада балалар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы өз білімдерін көрсетті.

 Іс - шара соңында қатысушылар «Абай мұрасы - адамның асыл қазынасы» атты кітап көрмесімен танысты. Онда ақынның өз шығармаларымен қатар оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер де ұсынылды.

Мемлекеттік бағдарламалар