5 наурыз күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандардың кең ауқымына арнап Салық Зиманұлы Зимановтың 105 жылдығына арналған «Патриот. Азамат. Ғалым.» атты бейнеролик дайындап, жариялады. Материал Салық Зиманұлы Зимановтың мұрасын насихаттауға, оқырмандар арасында Қазақстанның көрнекті тұлғаларына деген құрметті арттыруға, тарих пен ғылымға қызығушылықты және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған.