2025 жылдың 08 қазанында Әбу Сәрсенбаевтың 120 жылдығына орай Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Ақынның поэтикалық әлемі» атты әдеби көрме өткізді.
Шара барысында оқырмандар қазақтың көрнекті ақыны Әбу Сәрсенбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырылды. Кітапханашы ақынның шығармаларынан үзінді оқыса, балалар алған әсерлерімен бөлісті.