"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Іс-шараның мақсаты - қатысушыларға көрнекті тұлғаның өмірі мен мәдениет пен тарихқа қосқан зор үлесін таныту, оның маңызын тағы бір мәрте еске салу болды. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы, шығармашылық және қоғамдық қызметі, сондай-ақ рухани мұрасы туралы кеңінен әңгімеледі.
Сонымен қатар қатысушыларға ой қозғауға бағытталған сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара аясында «Жүректен - портретке» атты интерактивті жұмыс ерекше қызығушылық тудырды. Бұл интерактивте қатысушылар Қайым Мұхамедхановқа деген жеке көзқарасын, ой-толғанысын білдірді. Нәтижесінде портретпен безендірілген плакат жасалып, оған қатысушылардың естелік ойлары, қысқа тұжырымдары мен әсерлері жазылған стикерлер орналастырылды. Осылайша Қайым Мұхамедхановтың тұлғасы іс-шараға қатысушылардың көзқарасы арқылы жасалған әсерлі, жанды бейне ретінде көрініс тапты.

Мемлекеттік бағдарламалар