Ешім ауылдық кітапханасында "Нәжімеденовтің сөзі" атты әдеби соқпақ өткізілді . Шара ақын Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналды. Қатысушылар ақынның өмірбаянымен, өлеңдерімен танысып, "Менің Қазақстаным"әнұранын орындады. Іс - шара мақсаты - кітап оқуға қызығушылықты арттыру, туған жер мен ана тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
