2025 жылғы 14 қазанда Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы жасөспірімдер тобы үшін «Жырлардағы шынайылық - Сергей Есениннің мәңгілігі» атты әдеби қонақжай кешін өткізді. Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірбаянының негізгі кезеңдерімен, танымал стилі мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесімен танысты. Отанға, табиғатқа, қарапайым халыққа деген махаббат пен лиризмге толы Есениннің сүйікті өлеңдері оқылды. Оқырмандар назарына «Мен жанымды сөзге төгем...» атты кітап көрмесі ұсынылды, онда ақынның өлең жинақтары мен фотосуреттері қойылды. Кеш соңында жастар өз әсерлерімен бөлісіп, ақын шығармаларындағы сезімдер мен ойлар төңірегінде пікір алмасты. Катысту: 9 адам.
