2025 жылғы 13 қазанда Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы жасөспірімдер тобы үшін «Абу Сарсенбаевтың поэтикалық әлемі» атты әдеби кеш ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығымен, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен танысты. Кейін «Капитан ұлы» повесінен үзінділер оқылып, тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл үзінді шығарманың тәрбиелік мәні мен құндылықтары жайлы қызу талқылауға себеп болды. Оқырмандар үшін «Сөз маржаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның жинақтары мен ақпараттық буклеттер ұсынылды. Катысту: 11 адам.
