10 желтоқсанда Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кіші және ортаңғы топтары үшін Қуат Әбусейітовтің 100 жылдығына орай «Экран шебері» тақырыбында ақпараттық сағат пен презентация өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, дарынды режиссер Қуат Әбусейітовтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен әңгімеленіп, режиссердің отандық кинематографияға қосқан үлесі, оның ең танымал туындылары және еңбек жолындағы жетістіктері жайлы тың әрі қызықты мәліметтер берілді.
Презентация кезінде суреттер, бейнематериалдар және деректі фильмдерден үзінділер көрсетіліп, балалар көрнекілік арқылы режиссердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік алды.
