24 желтоқсанда Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кіші және ортаңғы топтары үшін «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ақпараттық сағат пен презентация өткізілді. Кітапханашы балаларға зорлық-зомбылықтың түрлері туралы айтып, балалардың құқықтары жөніндегі түсініктерін кеңейтті, сондай-ақ оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беріп, қиын жағдайларда кімге жүгіну керектігін түсіндірді. Презентация барысында көрнекі слайдтар көрсетіліп, тақырыпқа сай бейнематериалдар ұсынылды. Іс-шара соңында оқырмандар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
https://www.facebook.com/share/p/1AMynRA4Qo/?mibextid=wwXIfr