10 наурызда Балалар кітапханасының қызметкерлері Жақсы ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» профилактикалық әңгіме өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың табиғатын талқылады, өздерінің қауіпсіздік құқықтары туралы білді және қиын жағдайларда көмекке қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат алды. Кездесу зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және жасөспірімдер ортасында агрессияның алдын алуға бағытталған.
