05 желтоқсанда Запорожье ауылдық модельді кітапханасында «Нақты жағдайда не істеу керек» атты кейс-талдау халықаралық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» акциясы аясында өтті.
Практикалық бөлім үшін өмірлік жағдайларға негізделген, тиімді шешім іздеуді талап ететін арнайы карточкалар әзірленді.
Әр бала өзіне тиген карточканы таңдап, ұсынылған жағдайды талдап, жеке шешім жолын ұсынды.
Ұсынылған нұсқалар жалпы талқылауда қарастырылып, басқа қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісті.
Мұндай формат балаларға бір мәселені түрлі қырынан қарауға және өз мүмкіндіктеріне сенімді болуға көмектесті.
Сонымен қатар қолжетімді көмек қызметтері мен қажет жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы мәліметтерге ерекше назар аударылды.
Кездесу балалардың қауіпсіз цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет ету дағдысын қалыптастыруға және өзара құрмет мәдениетін нығайтуға маңызды үлес қосты.