8 желтоқсан 2025 жылы Қима ауылдық кітапханасында «Өзіңді қорғауға үйрен» тақырыбында қыздар клубының кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін талқылады. Кітапханашы онлайн-агрессия түрлері туралы - кибербуллинг, шантаж, қудалау, жеке ақпаратты рұқсатсыз тарату сияқты фактілерді түсіндірді. Сонымен қатар, қатерді қалай тануға, оған қалай әрекет етуге және көмек алу үшін қайда жүгіну керектігі жөнінде кеңестер берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қыздардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және өз құқықтарын қорғауға деген сенімділігін нығайтуға ықпал етті. Катысту: 15 адам
