Киров ауылдық кітапханасында жоғары сынып оқушылары үшін «ЖҚТБ, есірткі, темекі зияны» тақырыбында бейнеслайд көрсетілімімен ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында зиянды әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін көрсететін көрнекі материалдар, АИТВ/ЖҚТБ-мен байланысты аурулар статистикасы және осы мәселелермен бетпе-бет келген адамдардың өмірінен алынған шынайы оқиғалар ұсынылды. Көрсетілімнен кейін пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ашық білдірді, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Шара жасөспірімдерге үлкен әсер қалдырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мен салауатты өмір салтын ұстану туралы саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
