"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

17 қараша күні Киров ауылдық кітапханасында «Жемқорлыққа қарсы біріккен әлем» атты сурет байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың жемқорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту. Байқауға жергілікті мектеп оқушылары қатысты. Балалар өз суреттерінде жемқорлықты айыптап, әділдік пен бейбіт өмір, таза қоғам идеяларын бейнеледі. Қатысушылардың жұмыстары креативтілігімен, мағыналылығымен және тақырыпты терең түсінгенімен ерекшеленді. Іс-шара жастар арасында құқықтық сананы және жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруда маңызды қадам болды.

Мемлекеттік бағдарламалар