26 мамыр күні Чапаев ауылдық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазылмайтын жаралар» атты тарих сағаты өтті. Қатысушылар тарихтың қасіретті беттерімен танысып, қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен адамдардың тағдырлары туралы мәлімет алды.