29 мамыр күні Жақсы орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жасөспірімдер тобына «Жазықсыз жапа шеккендер» атты реквием кешін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарихтың қасіретті беттерімен танысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырлары туралы мәлімет алды. Сол қасіретті жылдардағы оқиғаларды баяндайтын тақырыптық кітап көрмесі мен фотокөрмеге шолу жасалды.
