Жастар күніне орай Лозовое ауылдық модельді кітапханасында 12тамызда «Жастарға назар аударыңыз» атты библиосейшн өтті. Іс - шара жастар үшін өзекті тақырыптарды талқылаудан басталды: бос уақытты тиімді өткізу, мамандық таңдау, салауатты өмір салты, құрдастар арасындағы қарым - қатынас - қақтығыстар, келіспеушіліктер мен ортақ қызығушылықтар, адалдық пен өзара көмек. Шара аясында «Тышқандарды тастап - кітап оқы!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге көркем әдебиет, салауатты өмір салты мен спорт тақырыбындағы кітаптар қойылып, оларға шолу жасалды.
