2025 жылдың 21 мамырында Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдық мерейтойына орай Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы қалың оқырман қауымға «Жан шақыруымен» атты сағаттық репортаж өткізді. Қатысушыларға Жаяу Мұсаның өмірі, шығармашылық жолы және қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Оның азаматтық ұстанымы, әділдік үшін күресі мен Қазақстан тарихындағы рөліне ерекше назар аударылды. Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.