Жаңару мен жақсылықты бейнелейтін Наурыз мерекесі қарсаңында Қима ауылдық кітапханасы "Жақсылық жаса" акциясын өткізді. "Жақсылық жаса" акциясы-игі іс жасауға және мұқтаж жандарға оқу қуанышын сыйлауға тамаша мүмкіндік. Ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толерантты және құрметпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Акцияның мақсаты: мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер үшін қолжетімді ақпараттық кеңістікті қалыптастыру.