Жақсы ОКЖ кітапханаларында наурыз күндері аралығында жоспарланған іс-шаралар «Балалар кітабы апталығы», оқушылардың көктем каникулы кезінде өткізілді. Апталық бойы кітапханада өткізілетін іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 15 жастағы балаларды қамтыды. Әр күн сайын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытып отырды. Балалар жазушысын біразы білсе, көбі білмей жатты. Сол себепті балаларды өз өлкесі мен туған жерінің тарихын, ақын-жазушыларын білу, таныту мақсатында көптеген қаламгерлермен олардың туындылары жайлы мағлұмат берілді.
Кітап сүйер бүлдіршіндердің арасынан үздік оқырман анықталды. Олар дипломдармен және ең құнды сыйлық - кітаппен марапатталды.