28 сәуір – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Еңбек – ел ырысы» тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға еңбек ардагерлері қатысып, өздерінің өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы әңгімеледі. Олар ел дамуына қосқан үлестерімен бөлісіп, жас ұрпаққа тағылымды ақыл-кеңестерін берді.
Кездесу барысында еркін пікір алмасу өтіп, қатысушылар арасында мазмұнды диалог орнады.
