Жақсы аудандық орталық кітапханасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңына орай "Үміт" клубының мүшелерімен "Жаны жайсан әйелдер қауымы" атты ауқымды іс шара өтті. Іс шара барысында "Үміт" клубынын әйелдер қауымы 8 Наурыз күні ана куні, әлем күні, әлемді тебірентер ана үні - деп өздерінің ізгі лебіздерін сөзбен ғана білдіре қоймай, сонымен қатар ән шашуымен жеткізді. Іс шара барысында жүргізушілер Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы, ардагер-аналар мен аруларды мерекемен құттықтап, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білу деген мағыналы сөздермен жеткізе білді. .Мерекелік кездесуде аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қызықты ойындар, жұмбақтар мен музыкалық комплименттер айтылып өткізілді. Мереке, клуб мүшелерінің көңілінен шықты.