Жақсы аудандық орталық кітапханасы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына Жақсы № 1 орта мектебінде 9 сынып оқушыларына әдеби кеш откізілді. Мақсаты қазақ халқының әлеуметтік,
саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық,
отансүйгіштік қасиеттерді дарыту. Әдеби кеште ақынның өмірбаяны мен шығармаларын, өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Кітапханашы « Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
халқының рухани көсемі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.