2026 жылғы 13 мамыр күні Аналар күнін мерекелеу аясында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп «Жүрегімен өзгелер үшін өмір сүрген» атты жас аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар аналық мейірім мен отбасылық дәстүрлерге арналған кітап көрмесімен танысты. Қонақтарға танымдық-ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Жас аналар өздерінің өмірлік оқиғаларымен, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті.
