Чапаев ауылдық кітапханасында оқырмандарға «Жұмысшы мамандықтар: табысқа апарар жол» атты ақпараттық сағат өтті. Шарада Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтар туралы презентация мен бейнематериалдар көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларды әр жұмыстың маңыздылығымен таныстыру; Олардың Қазақстан экономикасын дамытудағы маңыздылығы, сондай-ақ 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған Қазақстан Президентінің жарлығы аясында осы салалардағы мансаптық мүмкіндіктердің көбеюі туралы жеткізу.