05 мамыр күні Запорожье ауылдық модельдік кітапханасы Отан қорғаушылар күніне арналған «Еліміздің батырлары» атты бейнепрезентация жариялады. Бейнепрезентация патриоттық сезімді тәрбиелеуге, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетуге және азаматтық құндылықтарға қызығушылықты сақтауға бағытталды.
Жарияланым аясында қатысушылар ер азаматтар мен болашақ Отан қорғаушыларға жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.