2024 жылдың 9 желтоқсанында Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Новокиенка орта мектебінде орта буын оқырмандары үшін «Зорлық-зомбылықсыз отбасы — бақытты балалар» тақырыбында профилактикалық тәрбие сағатын өткізді.
Кездесу барысында оқушылар отбасындағы мейірімділік пен өзара құрметтің маңызын талқылап, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау қажеттігі туралы білді.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 16 маусымнан бастап «Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі туралы» Заң күшіне енгені айтылды. Аталған заң тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
Әңгіме оқушыларға зорлық-зомбылықтың жол берілмейтінін, ал қамқорлық пен қолдаудың бақытты отбасының негізі екенін түсінуге көмектесті.
10 адам қатысты