2026 жылдың 3 наурызында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасында Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Өз дәуірінің үні» атты библиофреш іс-шарасы өтті.
Шара барысында кітапханашы Әлихан Бөкейхановтың көрнекті қоғам қайраткері, публицист, ғалым, Алаш партиясының көшбасшысы ретіндегі тарихи маңызын атап өтті.
Bibliofresh аясында мерейтой иесінің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен басылымдар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылықты арттыруға көмектесетін іс-шара мазмұнды және танымдық жағдайда өтті.