24 ақпанда Чапаев ауылдық кітапханасында «Ядролық қатерсіз әлем: Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында оқырмандар полигонның жабылу тарихымен, оның адам денсаулығы мен табиғатқа тигізген зардаптарымен, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану және бейбітшілікті сақтау ісіне қосқан үлесімен танысты.