Белагаш ауылдық кітапханасында
«Уақыт үні: Ұлттық құрылтай бүгін» атты диалог алаңы өткізілді.
Іс-шара оқырмандарды Ұлттық құрылтайдың қызметімен таныстыруға, өзекті қоғамдық-саяси мәселелерді талқылауға және ел дамуына азаматтық қатысудың маңызын көрсетуге бағытталды. Ашық диалог барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, Ұлттық құрылтайдың қоғамдық келісім мен ашық пікір алмасу алаңы ретіндегі маңызын атап өтті.