Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Белағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы тыл еңбеккері Шамкин Леонид Ильичке барып, сұхбаттасты. Леонид Ильич соғыстың қатал жылдарындағы өзінің қиын балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті: 1935 жылы 25 шілдеде Куйбышев облысында дүниеге келіп, Қазақстанға 1958 жылы Тың және тыңайған жерлерді игеруге келген екен. Соғыс уақытындағы ең ауыр жылдарды артта қалдырған адамдармен кездесу - жас ұрпаққа өткен соғыс оқиғалары туралы білуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл - батылдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің мысалы.
Мақсаты: өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, батырлық өткенге құрмет көрсету, ардагерлерге құрмет көрсету.
