21 қаңтар күні Калинин ауылдық кітапханасында ортаңғы топ оқырмандары үшін «Туған өлке тарихының беттері» тақырыбында өлкетану ойын-саяхаты өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар туған өлкенің тарихымен, оның өткені мен мәдени мұрасымен танысты. Балаларға ауыл тарихы, жергілікті салт-дәстүрлер мен белгілі тұлғалар туралы қызықты мәліметтер берілді. Жас оқырмандарға арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, өлкетану бағытындағы әдебиеттер таныстырылды. Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында ауыл ішіне экскурсия ұйымдастырылды.