26 қарашада Чапаев ауылдық кітапханасында «Туған өлке-уақыт объективінде» атты шара өтті.
Қатысушылар туған өлкенің тарихына қатысты ескі фотосуреттер мен деректермен танысып, әр жылдардағы өзгерістерді бақылады. Кездесу танымдық сипатта өтіп, тарихи жадыны сақтау маңыздылығын еске салды.
