03.12.2025 ж. Беловод ауылдық кітапханасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы аясында «Цифрлық зорлық-зомбылыққа тоқтау салайық» атты ақпараттық сағат өткізілді. Кітапханашы қатысушыларға қазіргі заманғы цифрлық қауіптер туралы айтып, цифрлық зорлық-зомбылықтың белгілерін түсіндірді. Іс-шара барысында онлайн-қорлауға қалай дұрыс жауап беру керек, қайда жүгінуге болады және неге бей-жай қалуға болмайтыны туралы сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында цифрлық зорлық-зомбылық-ескерусіз қалдыруға болмайтын маңызды мәселе деген қорытынды жасалды.
