28 қараша 2025 жылы Гұбайдолла Әбдірахманов атындағы жоғары сынып оқушылары үшін Жанақима модельді ауылдық кітапханасы цифрлық зорлық-зомбылықтың алдың алу тақырыбында «Цифрлық зорлық: үнсіз қалуға бола ма?» атты пікірталас өткізді.
Іс-шара ойын элементтері енгізілген пікірталас форматында өтті. Оқушыларға цифрлық қарым-қатынасқа байланысты түрлі жағдайлар ұсынылды. Олар талқылауға белсенді қатысып, өз шешім нұсқаларын ортаға салды.
Кездесу барысында балаларға онлайн қорқытуға қалай дұрыс жауап беру керек, қайда көмек сұрау керек және неге қарап қалмау маңызды деген сұрақтар қойылды, ал олар мазмұнды әрі ойланып жауап берді. Іс – шара соңында цифрлық зорлық-зомбылық – елеулі проблема екені және оны елемеуге болмайтыны туралы қорытынды жасалды.