09 желтоқсан күні Терісаққан ауылдық кітапханасында «Цифрлық әлемде аман қалу» тақырыбында интерактивті танымдық ойын өткізілді. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
- «Иә/жоқ» сұрақтары
- Жағдайлық тапсырмалар
- Құпиясөз қауіпсіздігін талдау
- Онлайн қауіптерді анықтау
Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты. Белсенді оқырмандар мадақтамалармен марапатталды.
