2025 жылдың 8 шілдесінде Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы жас оқырмандар үшін «Тосын сыйларға толы сандық» атты көңілді әрі танымдық ойын бағдарламасын ұйымдастырды.
Іс - шара қызықты жұмбақтар мен сұрақтардан тұратын қыздыру сәтінен басталды. Кейін балалар белсенді және зияткерлік ойындарға қатысты. Барлық тапсырмалар логика, зейін, қиял және командалық рухты дамытуға бағытталды.
Шара балаларға көптеген жағымды эмоциялар, көтеріңкі көңіл - күй мен жарқын әсер сыйлады.
Сонымен қатар, балаларға арналған кітаптар мен журналдарға шолу ұсынылды.
